Жобаның негізгі мақсаты бірыңғай мамандандырылған орталық құру және агрессия деңгейін төмендетуге және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған білікті психологиялық көмекті қамтамасыз ету болып табылады.
Агрессорлармен психокоррекциялық жұмысқа мамандандырылған 30 психологты оқыту ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс жөнінде жеке орталық құрылды, (Сейфуллин к-сі, 577/89 үй, тел.: 8-701-272-16-86) психологтар 18 адаммен психокоррекциялық жұмыс жүргізіп жатыр.
Жобаны іске асыру, қауіпсіз отбасылық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ психикалық түзетуден өтетін адамдарға да, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге де оң әсерін тигізеді.
Бұл жұмыс Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің Алматы қаласы прокуратурасымен бірлесіп үйлестіруімен жүргізілуде.
Алматы қаласының прокуратурасы