Қала прокуратурасы көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
Тексеру нәтижелері бойынша Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесінің сыйақыға 990 адамды олардың нақты сол жерде тұруынсыз, бір бөлмелі пәтерге тіркеу арқылы ұйымдастырған заңсыз көші-қон фактісі анықталды.
Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
Алматы қаласының прокуратурасы