Алматы қаласының прокуратурасы инвестордың құқықтарын қалпына келтірді

Алматы қаласының прокуратурасы инвестордың құқықтарын қалпына келтірді

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Алматы қаласының прокуратурасы инвестордың жер телімдерін алуға құқығын қорғады.

Прокуратураның араласуының арқасында 2 заманауи қонақ үй кешенінің құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқан инвестордың құқықтары қалпына келтірілді. Нәтижесінде құрылысқа жер телімдерін беру қамтамасыз етіліп, бұл инвестициялық жобаларды ары қарай іске асыруға мүмкіндік берді.

Аталған жоба мегаполистің туристік әлеуетін дамыту үшін жоғары маңызға ие, оның инвестициясының жалпы көлемі 4,1 млрд теңгені құрайды және 80 жұмыс орнын ашуды көздейді.

Сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы заңдылықтың сақталуын талдау барысында прокуратура Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының заңнамада көзделмеген келісімдердің жоқтығына сілтеме жасап, жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқанын анықтады.

Қадағалау актісі бойынша Басқарма инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 2 жер учаскесін беру туралы оң қорытынды берді, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының прокуратурасы