Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.
Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.
Алматы қаласының прокуратурасы