Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Яндекс Қазақстан кеңсесінде болып, компания басшысы Тимур Шалекеновпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында компания өкілдері қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, талдамалық мүмкіндіктерді дамытуға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған жаңа технологиялық шешімдер мен цифрлық құралдарды таныстырды.
Прокуратура органдары мен Яндекс Қазақстан арасында бұрын жасалған меморандумдар шеңберінде бірқатар маңызды бірлескен бастамалар жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Кездесуге қатысушылар іске асырылған кейстердің заңдылықты, әлеуметтік әділеттілікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды үлес екендігін атап өтті, сондай-ақ заманауй цифрлық ортаның барынша қорғалған және ашық болып келе жатқандығын растады.
Сонымен қатар тараптар интернет-алаяқтыққа, киберқылмысқа және өзге де заманауй қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында жаңа цифрлық шешімдерді енгізу перспективаларын талқылады. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру үшін инновациялық технологияларды, талдау платформалары мен зияткерлік жүйелерді пайдалануға ерекше назар аударылды.
Алматы қаласының прокуратурасы