Жарқын мереке: Алматы қаласының прокуроры Балаларды қорғау күні балалармен кездесті

Жарқын мереке: Алматы қаласының прокуроры Балаларды қорғау күні балалармен кездесті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мамандырылған «Жанұя» кешенінде жылы жүздесулер мен шынайы қуанышқа толы мерекелік іс-шара өтті.

Орталыққа жұмыс сапарымен Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков келіп, балаларды мерекемен құттықтады.

Мереке шығармашылыққа толы атмосферада өтті. Орталық тәрбиеленушілері қонақтарға арнап әсерлі концерттік бағдарлама дайындады. Әуезді әндер, би қойылымдары мен балалардың жүрекжарды өлеңдері олардың талантын паш етіп, ресми кездесуді шынайы мерекеге айналдырды.

Серік Кәріпбеков балаларға сыйлаған жарқын көңіл күйі үшін алғысын білдіріп, оларға өз күштеріне сенуді, армандарына жетуді және бақытты болашақ тіледі.

Мерекелік шарадан кейін тәрбиеленушілердің тұрмыс жағдайына ерекше көңіл бөлінді.

Қала прокуроры балалардың өмір сүруі мен жан-жақты дамуына жасалған жағдайлармен мұқият танысты. Тұрғын бөлмелердің жайлылығы, тамақтану сапасы және оқу сыныптарының жабдықталуы секілді тұрмыстың әрбір маңызды тұсы назардан тыс қалмады.

«Әрбір бала қолдау мен қамқорлыққа, сондай-ақ өз мүмкіндігін толық жүзеге асыруға лайықты балалық шаққа ие болуы тиіс», – деп атап өтті Серік Кәріпбеков.

Сапар қорытындысында орталық әкімшілігімен тәрбиеленушілер үшін қолайлы жағдайларды одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Алматы қаласының прокуратурасы өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыра отырып, балалардың жарқын болашағы мен сенімді ертеңіне қажетті жағдай жасауды басты назарда ұстайтынын тағы бір мәрте растады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы