Алматы прокуратурасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Алматы прокуратурасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, құқық бұзушылықтың алдын-алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

 

Отырысқа құқық қорғау, арнайы, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ жеке меншік ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Отырыс барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

 

Жол қауіпсіздігі мәселелері жеке блокта қаралды.

 

Қала прокуратурасының қатысуымен қайта өткізілген профилактикалық іс-шаралар барысында 5 күн ішінде жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізгендігін және жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғанын қоса алғанда ЖҚЕ өрескел бұзған 172 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

 

Жалған нөмірлерді пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Отырыста жол-көлік оқиғаларының арту себептері, сондай-ақ ЖҚЕ бұзушылықтарын алдын-алуды жетілдіру және бұзушылықтарды тіркеудің цифрлық жүйелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.

 

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті нығайтуға, жол қауіпсіздігін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.

Алматы қаласының прокуратурасы