Алматы қаласының прокуроры ҚАЖД №72 мекемесінің ұстау жағдайын тексерді

Алматы қаласының прокуроры ҚАЖД №72 мекемесінің ұстау жағдайын тексерді

Қадағалау қызметін жүзеге асыру аясында Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесіне барды.

Сапардың мақсаты, сотталғандар мен қамаудағы адамдарды ұстау жағдайларын, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын тексеру.

Іс-шара барысында тұрғын үй-жайларды, санитарлық-тұрмыстық нысандарды, мекеменің медициналық бөліміне аралау жүргізілді. Ұстау режимін ұйымдастыру, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі тексерілді.

Заң талаптарын сақтау, ұстаудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ арнайы контингент құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жоюға және заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы