Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды

Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды

Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

Даулы учаске сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі болып табылады.

Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.

Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы