Алматыдағы элиталық түнгі клубта есірткі өткізу дерегі тоқтатылды

Алматыдағы элиталық түнгі клубта есірткі өткізу дерегі тоқтатылды

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттің жолын кесті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Медеу ауданындағы элиталық түнгі клубтардың бірінің қызметкері ұсталды. Ол шартты сатып алушыға «гашиш» есірткісін өткізген.

Мекемені тексеру барысында ұнтақ тәрізді заттардың іздері және ақ түсті заты бар зип-пакет анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Алматы қаласының прокуратурасы