Алматы прокуратурасының шаралары нәтижесінде прекурсорлардың импортына/экспортына берілген лицензия қайтарылып алынды

Алматы прокуратурасының шаралары нәтижесінде прекурсорлардың импортына/экспортына берілген лицензия қайтарылып алынды

Қадағалау қызметінің шеңберінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметке лицензияның заңсыз берілгендігі анықталды.

Лицензияны уәкілетті орган белгiленген тәртiптi бұза отырып, яғни мемлекеттiк органдардың мiндеттi қорытындыларынсыз берген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорынның 44,5 мың тонна прекурсорға берілген лицензиясы қайтарып алынды.

Алматы қаласының прокуратурасы