Алматы прокуратурасы паспортизациялау кезінде мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті

Алматы прокуратурасы паспортизациялау кезінде мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті

Алматы қаласының прокуратурасымен «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметінде паспортизациялау жұмыстарын жүргізу барысында мемлекетке залал келтіруге әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар анықталды.

 

Прокуратураның талап қоюы бойынша сот тәртібімен мемлекет кірісіне 894 177 000 теңге мөлшерінде берешек, сондай-ақ 26 825 310 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.

 

Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.

 

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.

Алматы қаласының прокуратурасы