Алматы прокуратурасы бұрын құқық бұзушылыққа жол берген жасөспірімдермен профилактикалық кездесу өткізді

Алматы прокуратурасы бұрын құқық бұзушылыққа жол берген жасөспірімдермен профилактикалық кездесу өткізді

Алматы қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, бұрын құқық бұзушылыққа жол берген жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге арналған профилактикалық іс-шара өткізді.

 

Кездесу барысында прокуратура және полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен өтетін қылмыстық істердің нақты мысалдарымен құқыққа қарсы мінез-құлықтың құқықтық салдарын, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке жауаптылық мәселелерін түсіндірді.

 

Сондай-ақ жасөспірімдерге қаланың аудандарында жұмыс істейтін спорт секциялары мен үйірмелерге тегін жазылу ұсынылды, бұл жастарды әлеуметтік пайдалы қызметке тартуға және қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған.

 

Іс-шараға 200-ден астам кәмелетке толмағандар, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдері, полиция инспекторлары мен пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

 

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жүргізіліп жатқан жұмыстың басым бағыттарының бірі болып қалатынын атап өтті.

Алматы қаласының прокуратурасы