Алматы қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдады

Алматы қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдады

ҚР Конституциялық Сотының 2024 жылғы 24 шілдедегі нормативтік қаулысымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 616-баптың бірінші бөлігі 13) тармақшасының ережесі осы бабының екінші бөлігімен өзара байланыста «талапкерлер -» деген сөзді пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылды.

Салық кодексінің 616-бабында соттарда мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалардың санаттары айқындалған.

Салық кодексінің аталған нормасына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалар, барлық іс пен құжат бойынша (соның ішінде жауапкер бола отырып) мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

Мемлекет әлеуметтік теңсіздікті жеңілдету және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету жөнінде міндеттемелер алды.

Алматы қаласының прокуратурасы 2025 жылғы сот тәжірибесіне талдау жүргізді, оның барысында аталған санаттағы тұлғалардан мемлекеттік баж салығын өндіріп алу фактілері анықталған.

Қала прокуратурасының тапсырмасы негізінде аудан прокурорлары сот актілерін заңнама талаптарына сәйкестендіру және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында 27 апелляциялық өтінішхат енгізді.

Қазіргі уақытта 3 апелляциялық өтінішхат қанағаттандырылды, сот актілері өзгертілді, мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылды. Қалғандары соттың қарауында.

Заңнаманың бiркелкi қолданылуын қамтамасыз ету және азаматтардың әлеуметтiк кепiлдiктерiн қорғау жөнiндегi жұмыс жалғасуда.

Алматы қаласының прокуратурасы, ҚР-дағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыты ретінде халықтың әлеуметтік осал топтарының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағдарланған.

Осыған байланысты бұл ақпарат аталған санаттағы адамдарға, қорғаушыларға және заңды өкілдерге хабарланады.

Алматы қаласының прокуратурасы