Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Президент отбасындағы агрессияға төзімділікке жол берілмейтінін атап өтті және мемлекет осындай құқық бұзушылықтарға тиімді реакция механизмін қамтамасыз етуі керек екенін мәлімдеді.
Ауэзов аудандының прокуратурасы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу бағытында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Аудан прокуратурасының үйлестіруімен 53 азаматқа алкогольді ішімдіктерді қолдануға тыйым салу сияқты ерекше талаптар қолданылды.
Сіздердің назарыңызға бір отбасының тарихын көрсететін бейнеролик ұсынылады, онда профилактикалық шаралардың нәтижесінде үйде тыныштық пен үйлесім қалпына келтірілгені көрсетіледі.
Алматы қаласының прокуратурасы