Алматы қаласында жасырын нарколабораториялардың қызметі тоқтатылды

Алматы қаласында жасырын нарколабораториялардың қызметі тоқтатылды

Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау және өткізу фактілері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

 

Аталған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласы аумағында жеке тұрғын үйлерде жабдықталған үш жасырын есірткі зертханасының жұмысын қамтамасыз еткен тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасаған.

 

Зертханаларда психотроптық заттар күн сайын заңсыз айналымға шығару мақсатында дайындалып отырған.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасырын есірткі зертханаларының қызметі толықтай тоқтатылып, 7 адам ұсталды, заңсыз айналымнан психотроптық заттар тәркіленді.

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды.

 

Ал қалған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы