Алматы қаласында прокуратура органдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының ардагері Жанболат Ашербеков 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматы қаласында прокуратура органдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының ардагері Жанболат Ашербеков 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков прокуратура органдарының ардагері Жанболат Әлиақпарұлы Ашербековті мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады.

Кездесу барысында Серік Кәріпбеков мерейтой иесіне шынайы құттықтауын жеткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады. Бұл — көпжылдық мінсіз қызметі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Жанболат Әлиақпарұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері, ерлік пен қағидаттылықтың, заңға адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Оның өмірлік және кәсіби жолы қазіргі және болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін өнеге болып табылады.

Соғыстың ауыр жылдары мен соғыстан кейінгі күрделі тарихи кезеңдерді бастан өткере отырып, ол антқа адалдығын, жоғары адамгершілік құндылықтарды және белсенді азаматтық ұстанымын сақтап қалды.

Ардагердің мерейтойын атап өту барысында прокуратура өкілдері Жанболат Әлиақпарұлы Ашербеков сынды тұлғалар ұрпақтар сабақтастығының, рух күшінің және қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің тірі символы екенін атап өтті.

 

Алматы қаласының прокуратурасы