Жалақы бойынша жалған қарызды өндіріп алу фактісінің алды алынды

Жалақы бойынша жалған қарызды өндіріп алу фактісінің алды алынды

Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының талап арызымен жалақы бойынша 1,8 млрд.теңге көлемінде жалған қарызды өндіріп алу фактісі алдын алынды.

2019 жылғы 23 желтоқсанда нотариус «И» өзінің атқару жазбасымен «К» ЖШС-дан «М» пайдасына жалақы бойынша 1 805 097 937 теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алғаны анықталды.  

Талдаумен «М»-нің өзі ай сайынғы жалақысы 40 млн.теңгеден асатын аталған ЖШС-нің 100% құрылтайшысы екенін көрсетті.

Мәміленің күмәнді екендігіне және Медеу аудандық сотының 16.08.2019 жылғы сот шешімінің болуына қарамастан, онда «М» жалақыны өндіріп алудан бас тартты, ал нотариус заңсыз атқарушылық жазба жасады (кейіннен атқарушылық іс жүргізу қозғалды).

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 100-бабына сәйкес жалақыны өтеу жұмыс берушінің бірінші кезектегі міндеттемесі болып табылады және басқа кредиторлардың алдында артықшылығы бар.

Прокуратура «К» ЖШС-нің басқа кәсіпкерлер алдында үлкен қарызы бар екенін анықтады.

Осылайша, «М»  жалған қарызды қалыптастыру және өз міндеттемелерін орындаудан жалтару арқылы ақша қаражатын алуға тырысты.    

Алмалы  №2 аудандық сотының 12.05.2020ж. шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды, атқарушылық жазба заңсыз деп танылды және күші жойылды (шешім 10.08.2020ж. заңды күшіне енді).

Нотариусқа қатысты заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін жеке ұйғарым шығарылды, ол қазіргі уақытта қаралуда.

 

Алматы қаласының прокуратурасы