Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында алаңы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 м² бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.
Прокуратураның талап-арызы бойынша сот, жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізуде.
Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын қадағалау, Алматы қаласы прокуратурасының жіті бақылауында.
Алматы қаласының прокуратурасы