Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады.

«Резіңке» пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы