Алматы прокуратурасы мен Satbayev University құқық, экология және цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы прокуратурасы мен Satbayev University құқық, экология және цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласының прокуратурасы мен Satbayev University құқықтық мәдениетті, экологиялық жауаптылықты және цифрлық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков пен Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев қол қойды.

Университетке сапары барысында қала прокуроры ғылыми зертханалармен және инновациялық жобалармен танысып, ғалымдармен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Серік Кәріпбеков бірлескен бастамалар, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға және экология мен ақпараттық қауіпсіздік салаларында тиімді шешімдер табуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев серіктестікті белсенді дамытуға және ғылыми әзірлемелерді тәжірибелік қызметке енгізуге дайын екенін білдірді.

Меморандум тұрақты дамуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі болады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы