Алматы прокуроры «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА алаңында кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Алматы прокуроры «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА алаңында кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында болып, ашық диалог форматында бизнес, мемлекеттік органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен қаланың инвестициялық ортасын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында инвесторлар мен кәсіпкерлерде жиі кездесетін өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетіктері түсіндірілді.

Талқылау қорытындысы бойынша қаланың экономикалық потенциалын кеңейтуге және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған тапсырмалар берілді.

Серік Кәріпбеков бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратураның ерекше бақылауында екенін атап өтіп, мемлекет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Алматы қаласының прокуратурасы