Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің негізгі бағыттары бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.
Жұмыс сапары барысында табиғатты қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орман көшеттерін өсіруге арналған тұқымбақтың жағдайы, туристік инфрақұрылымды дамыту және экологиялық тәртіптің сақталуы сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, парк қызметкерлерімен өткен кездесуде құқықбұзушылықтардың алдын алу, орман қорын сақтау және табиғи аумақтардың тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша пікір алмасты.
Алматы қаласының прокуратурасы