Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков пен ҚСжАЕКД бастығы Абай Сейдірұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болып, заманауи суперкомпьютермен және цифрлық технологиялар орталығымен танысты.
Сапар барысында құқықтық жүйені цифрландыру, үлкен деректер талдауында өнімділігі жоғары есептеулерді қолдану мәселелері, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін осындай технологияларды пайдалану мүмкіндігі талқыланды.
Серік Кәріпбеков цифрлық шешімдерді дамыту және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық, прокуратура органдарының жұмысында ашықтыққа, жедел әрекет етуге және дәлдікке ықпал ететінін атап өтті.
Өз кезегінде, университет өкілдері мемлекеттік құрылымдар үшін пайдалы болуы мүмкін жасанды интеллект және деректердің үлкен массивтерін өңдеу жөнінде жаңа жобаларды ұсынды.
Алматы қаласының прокуратурасы