Алматыда есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Алматыда есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтың төрағалығымен заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстардың алдын алу, тергеу және ашу мәселелері қаралған кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Алқа жұмысына құқық қорғау органдарының, әкімдіктің, Психикалық денсаулық орталығы мен сот сараптамалары орталығының басшылары, мәслихат депутаты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Отырыста есірткі қылмыстарының профилактикасы, олардың тергелу сапасын арттыру, сондай-ақ есепке алу, зерттеу жүргізу және жекеменшік оңалту орталықтарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Алқа қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар бірлескен шешімдер мен өзара іс-қимыл алгоритмдері қабылданды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы