Прокуратура, нотариустар, риэлторлар мен банктер кибер алаяқтықпен күрес үшін бірікті

Прокуратура, нотариустар, риэлторлар мен банктер кибер алаяқтықпен күрес үшін бірікті

Алматы қаласының прокуратурасында интернет және телефон алаяқтығының алдын-алу мақсатында ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойылды.

Барлық келісімдер бір іс-шара аясында жасалды.

Ағымдағы жылдың сегіз айында Алматыда 6 мыңнан астам алаяқтық оқиғасы тіркелді, оның 1,7 мыңнан астамы - интернетті пайдалану арқылы іске асқан.

Қауіп-қатерлерге жауап ретінде қала прокуратурасы бірқатар маңызды ұйымдармен серіктестік құруға бастамашы болды.

Іс-шараға Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов, «ВТБ Банкі (Қазақстан)» АҚ ЕҰ басқарма төрағасы Дмитрий Забелло, «Еуразиялық Банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Сатиева, «Банк ЦентрКредит» АҚ бірінші вице-президенті Рустам Тенизов, Алматы қаласы Нотариаттық палатасының төрағасы Қарагөз Қалабаева және «Мир Квартир» ЖШС директоры Алуа Мадышева қатысты.

Қала прокуроры Серік Кәріпбеков мұндай қылмыстардың алдын-алу, мемлекет пен бизнестің үйлесімді өзара іс-қимылын талап ететінін атап өтті.

Қол қойылған келісімдер, азаматтарды жүйелі қорғау мен цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған қадам болды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы