Алматыда заманауи қоғамның ең өткір тақырыптарының бірі - интернеттегі балалардың қауіпсіздігін көтеретін «Көк кит» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм бүкіл ел бойынша ауқымды прокатқа шықты.
Кинокартина Алматы қаласы прокуратурасының қолдауымен түсірілген және цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлер туралы, қауіпті ойындар мен деструктивті контент жасөспірімдерге қалай әсер ететіні туралы, сондай-ақ буллинг пен отбасылық-тұрмыстық мәселелер тақырыбын көтереді.
«Көк кит» - мемлекеттік институттардың мәдениет пен өнер арқылы қоғаммен қалай сөйлесе алатындығының мысалы, қауіп-қатердің алдын алып, ең құнды болып табылатын – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Алматы қаласының прокуратурасы