Алматыдағы заң диалогы: Конституция, адам құқықтары және халықаралық тәжірибе

Алматыдағы заң диалогы: Конституция, адам құқықтары және халықаралық тәжірибе

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған заңгерлік диалог өтті.

Қатысушылар Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының әлемдік конституциялық құрылымының және адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын қалыптастырудағы рөлін талқылады.

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Конституцияның құқықтық мемлекеттің негізі ретінде маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының төрағасы Клэр Бази-Малори және ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы профессор Игорь Рогов құқықтық институттарды дамытудағы өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Диалогқа мемлекеттік органдардың, дипломатиялық қоғамдастықтың және Қазақстан мен Францияның жетекші университеттерінің өкілдері қатысты.

Кездесу, конституциялық процестерді дамыту және елдің құқықтық жүйесін нығайту туралы мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы