Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде белгілі спортшылар және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, кәсіби жауынгер, панкратион бойынша бірнеше дүркін әлем және Азия чемпионы Ардақ Назаров, ММА бойынша екі дүркін әлем чемпионы Қазыбек Әшімов, ММА бойынша әлем чемпионы Аңсар Дәулетбай, сондай-ақ ММА бойынша жаттықтырушы Батырбек Абылай қатысты.
Қонақтар тәрбиеленушілермен өздерінің өмірлерінде өткен жәйттармен бөлісті, ерік-жігердің, тәртіптің және өмірде қабылдаған дұрыс шешімдердің маңыздылығын атап өтіп, жетістікке қалай қол жеткізгендері туралы әңгімеледі.
Кездесудің басты мақсаты - кәмелетке толмаған сотталғандарды ынталандыру және түзелуге жігерлендіру. Белгілі тұлғалармен қарым-қатынас жасау, балалар үшін құнды тәжірибе мен шабыт көзі болып, әркімнің өз өмірін өзгертіп, дұрыс жолға түсуге мүмкіндігі бар екенін көрсетті.
Алматы қаласының прокуратурасы бүгінгі жасаған дұрыс таңдау ғана әркімнің болашағын айқындайтындығын баса айта отырып, жастарды өз өмірлеріне жауаптылықпен қарауға, заңды құрметтеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға шақырады.
Алматы қаласының прокуратурасы