Алматы қаласының прокуратурасында қала прокуроры Серік Кәріпбеков пен Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Шаруне Кубилютенің кездесуі өтті.
Тараптар құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық саладағы ынтымақтастықты дамытуды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер жөнінде пікір алмасты. Халықаралық өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуға ерекше назар аударылды.
Қала прокуроры сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Алматы прокуратурасының Литва Республикасының дипломатиялық өкілдігімен жұмыс байланыстарын одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді.
Бас консул өз кезегінде прокурордың қабылдағаны үшін алғысын айтып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту және құқық саласында Қазақстан мен Литва арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
Алматы қаласының прокуратурасы