«Арнаулы білім беру ұйымының» тәрбиеленушілері құқық бұзушылық жасаудың салдарымен танысу бағдарламасы аясында жасөспірімдер колониясына барды.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларда қылмысқа деген теріс көзқарасты қалыптастыру.
Алматы қаласының прокуратурасы мен ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған осындай профилактикалық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.