Алматы қаласының прокуратурасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Жоба аясында прокурорлар апта сайын тұрғындарға құқықтың өзекті мәселелері бойынша кеңес беріп, заңнаманы түсіндіруде.
Азаматтарды қабылдау әр жұма сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Достық Plaza» сауда ойын-сауық орталығында өткізіледі.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз құқықтарын қорғау жөнінде кеңестер ала алады және күнделікті өмірде кездесетін проблемалық мәселелерін талқылай алады.
«Құқықтық дәріхана» жобасы құқықтық көмекті қолжетімді етуге және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға көмектесуге бағытталған.
Алматы қаласының прокуратурасы