Алматыда кибер алаяқтардың әрекеті тоқтатылды

Алматыда кибер алаяқтардың әрекеті тоқтатылды

«Интернет-алаяқтықтың заманауй түрлерінің алдын-алу» жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы киберқылмыспен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу жөнінде белсенді жұмысты жалғастыруда.

2025 жылдың 19 тамызында прокуратураның үйлестіруімен және «Қазақтелеком» АҚ-мен ынтымақтаса отырып, ҰҚКД және қаланың ПД жедел сүйемелдеуімен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес олар, шетелдік серіктестермен сөз байласып, интернет-алаяқтық схемасын іске асыру кезінде оларға заңгерлік көмек көрсеткен.

Күн сайын осы схеманы пайдалана отырып, ақшалай қаражатты ұрлау мақсатында елдегі азаматтарға 2000-ға дейін қоңырау шалған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы анықталуда.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, белгісіз адамдардың қоңырауларына сенбеуге, дербес мәліметтері мен банк деректемелерін бермеуге шақырады.

Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

 

Алматы қаласының прокуратурасы