Алматы қаласында «Құқықтық дәріхана» жобасының жалғастырылуы туралы

Алматы қаласында «Құқықтық дәріхана» жобасының жалғастырылуы туралы

2025 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Алматы қаласының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» пилоттық жобасын іске асырды.

Жобаның аясында құқықтық кеңес беру қызметтері қаланың үш ірі сауда орталығында – «Достық Плаза», «Мега Алматы» және «Гранд Парк» нысандарында көрсетілді.

Азаматтарға күнделікті өмірде туындайтын түрлі мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді: құжаттарды ресімдеу, әлеуметтік төлемдер, отбасылық және тұрғын үй мәселелері, тұтынушы құқықтарын қорғау және басқа да бағыттар қамтылды.

Жобаның жоғары сұранысқа ие болғанын және келушілер санының көптігін ескере отырып, оны жалғастыру туралы шешім қабылданды.

2025 жылдың 25 шілдесіден 1 қарашасына дейін «Құқықтық дәріхана» жобасы «Достық Плаза» сауда орталығының базасында жалғасады.

Азаматтарды қабылдау әр аптаның жұма күні сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру, прокуратура органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтармен тиімді кері байланысты орнату.

 

Алматы қаласының прокуратурасы