Алмалы ауданының прокуратурасы «Баспалар үйі» («Баспа үйі») АҚ акцияларының 100 пайызын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті.
2016 жылы бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі құны 2,6 млрд теңге акцияларды жеке тұлға арзандатылған бағамен заңсыз жекешелендіріп алған.
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді.
Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың прокуратураның талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.
Алматы қаласының прокуратурасы