Алматыда «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Үйлестіру кеңесі өтті

Алматыда «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Үйлестіру кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Алматы қаласы прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының мәселелері, оның өзара іс-қимылы және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуы, сондай-ақ адам өміріне қол сұғатын қылмыстар бойынша қылмыстық істердің алдын алу, тергеу және ашу жөніндегі басымдықтары қарастырылған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудың проблемалық аспектілері, оларды анықтау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы талқыланды, Алматының ең криминогендік бағыттары, жұртшылық пен кәсіпкерлік субъектілерін алдын алу үдерістеріне тарту мәселелері талданды.

Жасөспірімдер жасаған, сондай-ақ оларға қарсы жасалған қылмыстардың көбеюі байқалды.

Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірленді.

Отырыста бірлескен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырудың, құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы азаматтарды құқықтық оқытудың және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының ережелерін іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Қадағалау органы осы бағытта заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

 

#ЗАҢменТӘРТІП