Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратында прокуратура мен еліміздің ең ірі кинотеатр желісі - «Kinopark» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков пен «Kinopark» желісінің президенті Алмаз Малдыбаев құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде әлеуметтік науқанды жүзеге асыру аясындағы серіктестік туралы құжатқа қол қойды.
Тараптар, барлық киносеанстар басталмас бұрын прокуратура дайындаған әлеуметтік бейнероликтерді үнемі «Kinopark» филиалдарының барлығында көрсетуге келісті.
Жоба құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауаптылықты дамытуға бағытталған.
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков профилактика, әсіресе жастармен жұмыс істеуде заманауи, креативті тәсілдерді талап ететінін атап өтті.
Прокуратура мен бизнестің ынтымақтастығы, қоғамдық санаға ықпал етудің жаңа әдістерін ашады және ортақ игілік үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді.
Алматы қаласының прокуратурасы