Соңғы айларда елімізде қаржы пирамидаларымен байланысты алаяқтық схемалардың белсенді өсуі байқалады. Қылмыстық ұйымдар инвестициялық компаниялар, криптовалюталық жобалар және сауда платформалары ретінде бүркемеленіп, азаматтарға қауіпсіз жоғары табыс уәде етуде. Алайда іс жүзінде мұндай схемалар, салған қаражатты жоғалтуға алып келеді.
Еске салайық, қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді, ал олардың қызметі сөзсіз үлкен шығынға ұшырап, көптеген зардап шегушілерге әкеліп соғады.
Қаржы пирамидасының белгілерін қалай тануға болады:
Мысалы, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Eolus» деп аталатын қаржылық пирамиданың екі ұйымдастырушысына қатысты айыптау үкімін шығарды.
Олар баламалы энергетика саласындағы қызмет ретінде «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» компаниясын тіркеп, оған азаматтар ақша қаражатын енгізу үшін тартылған.
Ұйымдастырушылар күніне кіріс 2,7 %-дан 3,4 %-ға дейін болады деп (айына 80 %-дан астам және жылына 950 %-дан астам) уәде берген, сондай-ақ салымдар сомасы 30-дан 2700 АҚШ долларына дейін өзгеріп отырған.
Тергеп-тексеру нәтижесінде 31 азамат зардап шеккен деп танылған, келтірілген залал сомасы 74 миллион теңгеден асты.
Сот кінәлілерді тиісінше 6,5 және 6 жылға бас бостандығынан айыруға кесті.
2025 жылғы 4 наурыздағы апелляциялық сатының қаулысымен, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды инвестиция жасау кезінде сақтық танытуға шақырады.
Қаражат салудың алдында компания қызметiнiң заңдылығына, мемлекеттiк тiркеу мен лицензияның болуына көз жеткiзу керек.
Құқыққа қарсы әрекетке күдігіңіз болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Жинақтарыңызды сақтаңыз. Алаяқтардың құрмауына түсіп қалмаңыз.
Алматы қаласының прокуратурасы