2025 жылдың қаңтарында Алматы қаласының тұрғыны Алмалы аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар жалдамалылық, оның ішінде жалдамалыны жалдау, оқыту, қаржыландыру немесе өзге де материалдық қамтамасыз ету фактісі анықталған жағдайда, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 170-бабы 1-бөлігімен одан да қатаң жазаға тартылады, атап айтқанда мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы азаматтар мен заңды тұлғаларды заңнаманы қатаң сақтауға және аталған және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге қатысудан бас тартуға шақырады.
Алматы қаласының прокуратурасы