Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады.
Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке заңды тұлғаның заңсыз жалға пайдалануына берген.
Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып осы үй-жайды сатып алған.
Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.
Алматы қаласының прокуратурасы