Кеген ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында О. Жанабаев атындағы Кеген орта мектебінде профилактикалық дәрістер өткізді.
Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігінің негізгі қағидалары – жаяу жүргіншілер өткелінен өту, бағдаршам сигналдарын сақтау, тротуармен қозғалу, жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдану сынды талаптар түсіндірілді. Әсіресе, көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарудың салдарына ерекше назар аударылды.
Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына құқықтары мен міндеттері, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік шаралар, қауіпсіздік талаптарын елемеудің тәуекелдері түсіндірілді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жолда өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
#Заң_мен_Тәртіп