«Тәртіпті өзіңнен баста!» республикалық акциясы аясында Ұйғыр ауданының прокуратурасымен политехникалық колледж студенттері үшін аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастарға құқықбұзушылықтың нақты салдарын көрсету және заңға құрметті көзқарас қалыптастыру.
Студенттер ұсталушылардың ұсталатын камераларын, күнделікті тәртібін, тұрмыс жағдайларын өз көздерімен көрді.
Оларға ұрлық, төбелес, есірткі сақтау және жасөспірімдер жиі қатысатын басқа құқықбұзушылықтар үшін заңмен көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Бостандықтан айырылу тек жазалау емес, болашаққа үлкен соққы: оқуға түсу, жұмысқа орналасу, қоғамдағы бедел бәріне әсер етеді.
Қатысушылар үшін бұл экскурсия тек көру емес, болашақты бағамдау, өмірлік жолды саналы таңдауға түрткі болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам
#Заңүшін