«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алатау қаласының прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп орта мектеп оқушылары арасында турнир өткізді. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Турнир аясында жастарды адал күрес, өзара құрмет пен тәртіп құндылықтары төңірегінде біріктіретін спорттық жарыстар өтті. Мұндай бастамалар жасөспірімдердің бойында моральдық ұстанымдарды және өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға ерекше мән берген қала ақсақалдарының жастарға арнаған ақыл-нақыл сөздері болды. Олар заңға бағынудың, ата-ана мен ұстаздарға құрмет көрсетудің, салт-дәстүрді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ақсақалдардың даналыққа толы сөздері бірлік, адамгершілік және ізгілікке ұмтылудың маңызын еске салды.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл турнир спорт пен құқықтық тәрбиенің үндестігін көрсеткен, игілік пен бірлікке бағытталған жарқын іс-шара болды.
#Заң_мен_Тәртіп