«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасын іске асыру аясында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы бастамасымен полиция басқармасымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуы мен көлік құралдарының әйнектерін қараңғылату талаптарын бақылау бойынша профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында негізгі назар жылдамдық режимінің сақталуына, қауіпсіздік белдіктерін қолдануға, көлікті мас күйде басқаруға және көлік әйнектеріндегі тыйым салынған қараңғылатуға аударылды.
Прокуратура жол қозғалысының ережелерін қатаң сақтауға және басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтарын құрметтеуге, сондай-ақ өз көліктерінің техникалық жағдайына мұқият қарауға шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам