Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында мал ұрлығының алдын алуға бағытталған сайт әзірледі.
Сайтқа аудан аумағындағы 24 ауылдық округтің индексі, әр шаруа қожалығына тиесілі жылқы, түйе таңбалары, қожалық иесінің, ауылдық округ әкімінің және учаскелік полиция қызметкерінің байланыс нөмірлері енгізіледі.
Әр жылқы, түйе малдарына округ индексіне сәйкес арнайы таңба қойылып, сайтқа тіркеледі.
Аталған сайттың мүмкіндігін іс жүзінде тексеріп, көз жеткізу мақсатында жалған оқиға әзірлеу арқылы, аудандық полиция бөліміне малды тасымалдау барысына аса назар аудару ұсынылды.
Осылайша сайттың көмегімен мал ұрыларының заңсыз іс әрекеттері жедел түрде әшкереленіп, жылқы малы иесіне қайтарылды.
Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде осы санаттағы қылмысты тез ашуға, алдын алуға, бюджет қаражатын үнемдеуге, мал сою және вакцинациялау тәртібін бірынғай оңтайландыруға, ең бастысы – ұрланған малды иесіне қайтарып, азаматтарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізуге қол жеткіземіз.
Осы сайттың қажеттілігін талқылап, аудан аумағында пилоттық жоба ретінде іске асыру мақсатында аудандағы ірі шаруа қожалық иелерінің, барлық жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен ауқымды жиналыс өткізіліп, қолдауын тапты.
Қазіргі уақытта аудан аумағында осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам