Алматы облысында жастарды құқықтық тәрбиелеуге бағытталған жаңа бастамалар бастау алды

Алматы облысында жастарды құқықтық тәрбиелеуге бағытталған жаңа бастамалар бастау алды

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында облыс прокуроры Берік Адамов «Заң мен тәртіп» концепциясын білім беру ортада белсенді қолдайтын мектеп оқушылары мен кадеттер – прокурор көмекшілері клубының мүшелерімен шабыттандыратын кездесу өткізді.

Кездесуде ерекше назар патриоттық тәрбиеге аударылды. Жеңіс күні қарсаңында Берік Адамов қатысушыларға Ұлы Отан соғысының батыры, аңызға айналған тұлға Бауыржан Момышұлы, оның ерлігі, табандылығы және ұлт руханиятына қосқан үлесі туралы айтып берді.

Қатысушыларға алғыс ретінде жас көмекшілердің әрқайсысына Бауыржан Момышұлының автобиографиялық романы «Ұшқан ұя» сыйға тартылды.

Сондай-ақ шара барысында қатысушылар «Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмін тамашалап, Алматы облысы мен Қонаев қаласы прокуратурасының ғимараттарында болып, құқық қорғау органдарының жұмысымен іс жүзінде танысты.

Облыс прокуроры кездесу соңында ұлы қолбасшының сөзін келтірді: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» – деп, тәртіп әр адамнан басталатынын ерекше атап өтті.

Осы күні прокуратура мен білім басқармасы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Заң мен тәртіп керуені – 2025» акциясы да бастау алды. Оның мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділеттілік, заңдылық пен қоғамдық жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

Жалпы облыс бойынша 200 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарлануда.

 

 

#Заң_мен_тәртіп