Заңдылық пен ашықтықты нығайту шеңберінде «Жария сектор» ішкі жүйесін енгізу

Заңдылық пен ашықтықты нығайту шеңберінде «Жария сектор» ішкі жүйесін енгізу

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы облысының прокуратурасы мен Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттің бірлескен ұйымдастыруымен, СДТБТ Ақпараттық жүйесінің «Жария сектор» ішкі жүйесін пайдалану мәселелері бойынша адвокаттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

«Жария сектор» — бұл қылмыстық процеске қатысушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы, қабылданған процестік шешімдер, сондай-ақ өздеріне немесе өкілдік ететін тұлғаларға қатысты қылмыстық іс материалдары туралы ақпаратты цифрлық форматта алу мүмкіндігін беретін электрондық платформа.

Егер Сіз қылмыстық процеске қатысушы, не оның өкілі болып табылсаңыз, «Жария сектор» ішкі жүйесін пайдалануға заңды құқығыңыз бар. Ол үшін:

    - жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы;

    - интернетке қолжетімділік;

    - жүйеге кіру бойынша нұсқаулықтан өту қажет.

Осылайша, «Жария сектор» ішкі жүйесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына ыңғайлы әрі қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді және қылмыстық процестің қатысушыларының құқықтық сауаттылығын арттырады. Аталған жүйені енгізу тараптар арасындағы тиімді өзара іс-қимылға жол ашып, ашықтық, заңдылық және процестік айқындық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

 

#Заң_мен_Тәртіп