Балалардың денсаулығы - ұлттың бақытты және сәтті болашағының негізі!

Балалардың денсаулығы - ұлттың бақытты және сәтті болашағының негізі!

Қарасай ауданының прокуратурасы “Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 10-13 жас аралығындағы балаларға, сондай-ақ жетім балаларға медициналық тексеруді ұйымдастырды.

Осы орайда «IDL Dental» клиникасының стоматологтары балаларды тексеруден өткізіп, қажетті ем шараларын көрсетті.

Басқа күрделі жағдайлар бойынша дәрігерлер одан әрі емдеу үшін ұсыныстар мен түсініктемелер берді.

Осындай бастамалар Қарасай ауданының прокуратурасымен қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жүйелі түрде жүргізіледі.

 

#Заң_мен_тәртіп