Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында, оқыс оқиғаларды алдын алу және құқық бұзушылық профилактасын жүзеге асыру мақсатында келесі мәселені назарларыңызға жеткізеді.
Балалар қауіпсіздігі саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып, балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауынан туындаған жарақаттар болып табылады.
Биылғы жылдың басынан бері Республика бойынша 9 баланың терезеден құлауы тіркеліп, оның 4-еуі қаза тапты.
Соңғы 2 жылда 32 бала зардап шегіп, өкінішке орай қайтыс болды.
Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себептері:
- үлкендердің салғырттығы мен балаларға дұрыс қарамау;
- терезе құрылымдарында тиімді техникалық қорғаныс құралдарының болмауы.
Құрметті тұрғындар мен ата-аналар, Сіздерден, бұл мәселеге салғырттық танытпай, терезе құрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар құлыптарын пайдалану бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз.
Сонымен бірге көпқабатты тұрғын үй құрылысын салуды жүзеге асыратын мердігерлер тарапынан терезе блоктарымен жабдықтауды жалпы техникалық шарттарға және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес жүргізуге шақырамыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам