«Заң және Тәртіп» концепциясын жүзеге асыру аясында Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың төрағалығымен өткен кездесуде ірі онлайн-платформалардың (Крыша.kz, Kolesa.kz, Olx.kz) өкілдерімен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Осы жылдың басынан бастап қызмет көрсету және маркетплейс алаңдарында тауарлар сату бойынша жарияланған хабарламаларға қатысты тіркелген алаяқтық оқиғалары 35%-ға артты (109-дан 150-ге дейін), бұл интернет-алаяқтық қылмыстарының жалпы санының жартысынан көбін құрайды. Әсіресе, ұсыныстарды жалған көрсету және пайдаланушыларды адастыру мәселесі өткір тұр, бұл қаржылық шығындар мен онлайн-ресурстардың беделіне зиян келтіруде.
Кездесу барысында интернет қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланып, интернет-сауда алаңдарының ақпараттық қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар ұсынылды, сондай-ақ интернет алаяқтықтарын алдын алу үшін бірлескен механизмдер жасауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Қатысушылар алаяқтық әдістері туралы пайдаланушыларды хабардар етуді арттыру, сатушылардың жеке басын биометриялық мәліметтер мен жеке куәлікпен тексеруді күшейту, пайдаланушыларға рейтинг жүйесін енгізу және пікірлер механизмін құру туралы ұсыныстарды талқылады. Бұл шаралар азаматтардың киберқылмыскерлерден қорғанысын күшейтуге бағытталған.
Маркетплейс өкілдері ұсынылған шараларды қолдады және құқық қорғау органдарымен интернет-мошенничестваларға қарсы күресте белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ онлайн-сауда алаңдарына пайдаланушылардың сенімін нығайту мәселелерін көтерді. Кездесу барысында енгізілген шаралардың тиімділігін бақылау жоспары мен пайдаланушылардың қорғанысын күшейтуге қатысты қосымша бастамалар талқыланды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#ҚауіпсізҚоғам
#ЗаңҮшін